2028 жылға қарай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 5%-ға жетеді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).

Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады.

ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.

Атап айтқанда:

• 2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын;

• 2028 жылға қарай 5%-ын құрайды.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа тетік:

• азаматтардың жоғалған табысын өтеуге;

• зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға;

• мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.