Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қатысты минималды жеткілікті шегін анықтау әдістемесін қайта қарау жоспарланып отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.


Ведомствоның түсіндіруінше, зейнетақы жинақтары – күнделікті шығынға емес, зейнет жасында тұрақты табыс алуға арналған қаражат.

Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға қатаң талаптар қойылды

Сондықтан жаңа тәсіл есептеуде бірнеше фактор ескеріледі:

  • өмір сүру ұзақтығы;
  • жинақтардың табыстылығы;
  • болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты деңгейі.

Мысал ретінде 46 жастағы салымшы қарастырылған: оның жинағы – 11 млн теңге. Қазіргі есеп бойынша жеткілікті шегі 7,8 млн теңге болғандықтан, ол 3,2 млн теңгені ала алады.

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады

Алайда министрліктің мәліметінше, бұл қаражатты шешіп алған жағдайда болашақ зейнетақысы шамамен 35,6 мың теңге ғана болады (күнкөріс минимумы деңгейінің 70%-ы). Ал егер жинақ сақталса, болашақ төлемдер 2-2,5 есе жоғары болуы мүмкін.

Яғни жаңа әдістеме азаматтардың жинақты ерте шешіп алуын шектеп, болашақтағы зейнетақы тұрақтылығын күшейтуге бағытталып отыр.