Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Қосшы

18 қазанда Бішкекте Шакираның жеке концерті өтеді

18 қазанда Бішкекте Шакираның жеке концерті өтеді
18 қазанда Бішкекте Шакираның жеке концерті өтеді / Фото: Қырғызстан президент әкімшілігі

Әлемге танымал колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Бішкектегі жаңа «Бішкек Арена» стадионында концерт өткізеді, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаевтың мәлімдеуінше, әнші Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында алғаш рет Орталық Азияда концерт береді.

Концерт билет сату 1 қазанда сағат 09:00-де басталады. Билет бағасы 12 000 – 40 000 сом (60 000 – 200 000 теңге) арасында. Ал VIP-билеттердің бағасы әзірге жария болған жоқ. Алайда олардың қымбатырақ болатыны ескертілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Каныбек Туманбаев (@kanybek_tumanbaev)

Айта кетейік, осыған дейін Шакираның Қазақстанға келуі мүмкін екені туралы жазған едік.

Дереккөз: Курсив · Ақниет Төленді