Жаңа-Қарағанды станциясында қайғылы жағдай тіркелді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 мамырда сағат 02:03-те жол монтерін пойыз басып кеткен.
"Бұл оқиға Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөліміне хабарланды. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары тексеріліп жатыр. Оқиға орнына компанияның бас инженері жолға шықты", — деп жазылған хабарламада.
Тексеріс қорытындысы бойынша оқиғаға ресми құқықтық және өндірістік баға берілмек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!