Қосшы қаласындағы мектептің аумағында жолаушылар автобусы отқа оранды.

Оқиға таңғы уақытта болған. Абырой болғанда 10 шаршы метрдей аумаққа жайылған өрт дер кезінде өшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай департаменті мамандарының дерегінше, оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.

Шахмардан Әзірбаев, Қосшы қаласының ТЖБ бастығы:

- Өрт орнына дереу 35-мамандарының өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелткен болатын. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында өрт қысқа мерзім ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.