Бүгін еліміз ұлық мереке Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 34 жыл. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заң қабылданды. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Монғолия, Франция, Корея, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры
16.12.2025