Балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 53 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күрескен еді.

Ол бұл кезеңде Нигерия өкілі Кристиана Огунсаньямен белдесті. Нәтижесінде нигериялық балуан финалға өтті.

Ал отандасымыз Зейнеп Баянова тәжікстандық Ватансултон Шакаршоевамен қола жүлдені сарапқа салады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget