Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Қазақстанда жалған банкноталар анықталды

Қазақстанда жалған банкноталар анықталды

Биыл Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер қаржы айналымында жүрген 138 жалған төлем құралын анықтады. Оның үшеуі монета, қалғаны – банкнот. Жалпы сомасы 690 мың теңге қолдан жасалған. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда екі жарым есе көп.

Заңсыз банкноттардың ең көп номиналы 5 мың теңге. Одан кейін 10 мың мен 2 мыңдық тұр. Алаяқтар жалған ақшаны басып шығару үшін көбіне қарапайым баспа қағазын қолданған.