Қытай АҚШ кемелеріне арнайы порттық алым енгізуді бір жылға кейінге шегерді.
Қос тарап Куала-Лумпурда өткен сауда келіссөздерінен кейін тиісті мәмілеге келді. Бұл туралы Қытайдың Көлік министрлігі хабарлады. Бұған дейін Вашингтон мен Бейжің Қытайдың кеме жасау саласына қарсы шараларды бір жылға тоқтата тұру жөнінде келісімге келген еді. Сарапшылар бұл қадамды қос ел арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленісті реттеуге ықпал етеді деп отыр.