Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның WTA әлемдік рейтингіндегі орны өзгерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы үздік ондықтағы алтыншы орында тұрған еді. Енді ол бесінші сатыға көтерілді.

Теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирін жеңіп алған соң осындай нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы — Беларусь өкілі Арина Соболенко. Екінші орында — Польша теннисшісі Ига Швентек, ал АҚШ спортшысы Коко Гауфф үздік үштікті түйіндейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget