Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget