Тоғыз айда ел экономикасына 14 трлн теңге инвестиция салынды .
Бұл жылдағы көрсеткіштен 13 жарым пайызға жоғары. Әсіресе энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында өсім байқалады. Ал инвестиция тарту бойынша Астана мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. 2029 жылға дейін Үкімет 150 млрд доллар инвестиция тартуы тиіс. Бұл Президент жүктеген міндет. Межеге жету үшін биыл 185 инвест-жоба жүзеге асты. Жыл соңына дейін тағы 270-і іске асады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, тікелей инвестиция көлемі 10 млрд доллардан асқан. Алайда Олжас Бектенов жоспардың тек жартысы ғана орындалғанын тілге тиек етті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі