Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 10,1 млрд долларға жетті.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 17 млрд доллардан асты. 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылды. Айта кеткен жөн, былтыр теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 жасыл жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асқан. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы хабарлады. Ірі инвесторлар қатарында Ресей, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытай елдері бар. Негізгі инвестициялық ағым тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, сауда, кәсіби және ғылыми қызмет салаларына бағытталды.
1) Тікелей шетелдік инвестициялар
2025ж. I-жартыжылдық – $10,1 млрд
2024ж. – $17,2 млрд
Жаңа жобалар – 45
Жұмыс орындары – 6 200
4 жасыл жоба жүзеге асты
2) Ірі инвесторлар:
Ресей $4,1 млрд
Нидерланды $3,8 млрд
Оңтүстік Корея $1,2 млрд
Бельгия $1,2 млрд
Қытай $1,2 млрд
3) Инвестицияның негізгі бағыттары:
Тау-кен өндіру өнеркәсібі – $6,5 млрд,
Өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд,
Сауда – $5,3 млрд,
Кәсіби және ғылыми қызмет – $0,9 млрд.