Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қар­са­ңын­да салтанатты жиын өт­кізіп, палата депутаттары мен ап­парат қызметкерлеріне мем­ле­кет­тік наградалар тапсырды.

Алқалы жиында Мәжіліс спикері осыдан 35 жыл бұрын барша қазақстандықтар үшін тағ­дыршешті мәнге ие «Егемен­дік туралы» Декларация қабыл­данғанын атап өтті. Содан бергі ара­лықта еліміз ұзақ жолдан өтті, барлық салада зор жетіс­тікке жетіп, халықаралық арена­дағы беделді мем­лекеттердің біріне айналды.

– Президент бастамасымен Рес­публика күніне жаңаша леп беріліп, тарихи маңызы айшықтала түсті. Бұл мереке Жаңа Қазақстанның басты символына айналды. Бүгінде еліміз өз тарихындағы маңыз­ды кезеңді өткеруде. Біз ауқым­ды өзгерістердің куәгері болып, оған белсене атсалысып жүрміз. Барлық саяси институт жаңарды, қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалог нығая түсті. Ашықтық пен сенімге негізделген осы өзгерістердің арқасында оң нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз,– деді Е.Қошанов.

Спикер ел өміріндегі ма­ңыз­­ды мәселелерді шешуде халық­тың азамат­тық жауап­кершілігі мен белсен­ді­лігі артқанын, «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы орныққанын атап өтті. Көппартиялы Парламент­тің рөлі мен беделі күше­йіп, сындарлы пікірталас алаңы­на айналғанын, Мемлекет басшысының саяси бағдарын заңнамалық тұрғыда қолдауға жан-жақты атсалысып жүр­генін жеткізді.

Жуырда Президент Жол­дауын­да көтерілген парла­мент­­тік реформаға тоқталған Ерлан Қошанов бұл өзгерістер­дің ел болашағындағы рөлі зор екенін, алдағы тарихи өзгеріс­тер­ге депутаттық корпус белсене атсалысуы керектігін баса айтты. Сондай-ақ келер жылы ел Парламентіне 30 жыл толатынын, осы тарихи күн мемлекет­тік деңгейде атап өтілетінін жет­кіз­ді. Мәжіліс төрағасы айтқан­дай, бұл – өткенімізді саралап, бүгінімізді бағамдайтын және болашақ маңызды белестерді айқындайтын кезең.

Мәжіліс спикері Республика күніне орай Ақордада өткен сал­танат­ты жиында Мем­лекет бас­шысының қолынан «Парасат» орденін алған Мәжі­ліс­тің Қаржы және бюджет коми­теті­нің төр­айы­мы Татьяна Савельева­ны ма­ра­патымен құттықтады.

Жиын соңында палата төр­аға­­сы бірқатар депутаттар мен Мәжі­ліс аппаратының қыз­мет­кер­лерін мемлекеттік награда­лармен марапаттады.

Депутаттар Гүлдара Нұрым, Аманжол Әлтай, Мұрат Ергеш­баев «Парасат» орденімен марапатталды. Қазыбек Әлішев, Вера Ким, Ерлан Стамбеков, Мәжіліс аппараты бөлім мең­герушісінің орынбасары Марат Әділбай «Құрмет» орде­нін иеленді. Мәжіліс депутаттары Темір Қырықбаев, Айтуар Қошмамбетов, Наурыз Сайлаубай, Ислам Сұңқар, экс-депутат Ержан Бейсенбаев, Мәжіліс аппараты бөлім мең­геру­шілерінің орынбасарлары Қарлыға Жұматаева, Жанат Қуаныш­баева және Салтанат Станбаева «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Депутаттар Снежанна Имашева мен Ерлан Барлы­баев – ТМД Парла­ментаралық Ассамблеясының медалі­мен, Сергей Пономарев – «Древо дружбы» медалімен марапат­талды. Мәж­і­ліс депутат­тары Еркін Әбіл, Серік Егізбаев, Үнзила Шапақ, Мәжіліс аппараты бөлімінің меңгеру­шісі Батырболат Қабош ТМД Парламентаралық Ассамблея­сының құрмет грамота­ларын иеленді. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет белгісі депутат Аян Зейнуллинге, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы­ның медалі – Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбековке, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрмет грамотасы – депутат Константин Авершинге және Мәж­іліс аппараты бөлімі мең­гер­ушісінің орынбасары Жантас Тасболатовқа табысталды.

Сонымен қатар Мәжіліс ап­паратының 16 қызмет­кері, Материалдық-техникалық қам­тамасыз ету басқармасы­ның 6 қызметкері Мәжіліс төрағасының Алғысхатына ие болды.