Әлемде мұнай тағы арзандады .
Brent маркалы қара алтынның бағасы 2,3 пайыз төмендеді. Сөйтіп баррелі 61 долларға сатылған. Ал америкалық WTI 2,4 пайыз төмендеп, баррелі 58 долларға саудаланды. Қара алтын құнының құлдырауына Халықаралық энергетикалық агенттік қабылдаған шаралар әсер еткен. Соған қарағанда, биыл мұнай өндірісі артып, сұраныс баяулайтын түрі бар. Иә, кейінгі жылдары қара алтын арзандап жатыр. Алайда көп елде жанармай бағасы төмендеген жоқ. Керсінше Еуропада, Азияда да құны өсіп келеді.
Келесі жылы мұнай нарығында ұсыныс көбейеді, яғни 4 млн баррельге жетуі мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттіктің кейінгі баяндамасында осындай дерек келтірді. Демек, ұсыныс көп болса, мұнай бағасы түседі. Алайда, қара алтын құны қаншаға құлдыраса, одан алынатын өнім соншалықты арзандайды деген түсінік қате. Мәселен, Индонезияда үкімет субсидияны қысқартты. Мұның салдарынан баға шарықтады. Филиппинде де бензин 11 пайыз қымбаттаған.
Бауыржан Ысқақ, қаржы бойынша сарапшы:
-Мұнай арзандайтын болса, жанармай бағасы да арзандауға тиіс. Алайда ішкі нарықтағы әртүрлі фискальды экономикалық саясат, тасымал шығын сияқты байланысты әлсіретуі мүмкін. Мұнайдың бағасы арзандаса, бензин арзандайды деген дүние емес. Іштегі экономиканың дұрыс құрылу-құрылмауына тікелей байланысты.
ЖАНАРМАЙДАН ҚАЙ ЕЛ БАЙЫП ОТЫР?
Жанармай, әрине, мұнайлы елдерді байытып отыр. Бұл ОПЕК ұйымы Бас хатшысының айтуы. Оның сөзіне қарағанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің бюджетіне жылда 2 трлн доллар артық кіріс түседі. Өйткені, экономикасы дамыған мемлекеттерде әр өндіруші компания бензинге 40-60 пайыз салық төлейді. Экспортаушы емес, керсінше тұтынушы
АҚШ-ТАҒЫ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ
Еуропа елдеріне қарағанда, Солтүстік Америка соның ішінде АҚШ-та бензин арзанырақ. Мәселен, Францияның жанармай құю бекеттерінде Special-95 маркалы бензин 1 еуро 70 центке, яғни 1060 теңгеге саудаланып жатыр. Ал Құрама Штаттарында жанармай бағасы – 82 цент. Бұл – біздің ақшамен 444 теңге.
Бауыржан Ысқақ, қаржы бойынша сарапшы:
- АҚШ – әлемде мұнайды ең көп экспортайтын мемлекет. Мұнайдың қоры жоғары мемлекетке жатады. Оларды Брент маркалы мұнайға қарағанда сланцевая нефть дейді өзіндік құны төмендеу. Шығару құны да төмендеу. Экономикасы осы мұнайдың түріне ыңғайланған. Сондықтан арзан.
ЖАНАРМАЙ НАРЫҒЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН?
Қазір жер жаһанда электромобильдер жаппай қолданысқа еніп жатыр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, биыл тоқпен жүретін тағы 20 млн көлік сатылуы мүмкін. Ал бұл үдеріс жанармайға нарығына қалай әсер етуі мүмкін? Бұл сауалға сарапшының берген жауабын бірге тыңдап көрейік.
Асылбек Жәкішев, қаржы сарапшысы:
-Ең арзан энергия – мұнай. Сондықтан менің ойымша, электрокөлік өндірісі артқанымен, мұнай бағасы әлемде алдағы 5 жылда тұрақты болады. Еуропа жасыл энергетика бағытын ұстанғанымен, Азияға арзан энергия керек. Сол үшін жанармайға сұраныс тұрақты болады деп болжауға болады.