Алға ауданында қайтарылған активтер есебінен жаңа амбулатория ашылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында прокуратура органдары қайтарған заңсыз шығарылған активтер есебінен салынған жаңа амбулатория ашылды.
Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, облыстың тағы он шалғай елді мекенінде осындай медициналық мекемелердің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Барлық нысандарды ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!