Жасанды интеллект көмегімен ауыл шаруашылығын ширату. Бүгін «Ауыл» партиясы Президент Жолдауындағы саланы цифрландырудың аужайын талқылады, деп хабарлайды 24kz.
Шаруа қожалықтарын басқару жүйесін жаңғыртып, ауылшаруашылық өнімділігін арттыруда цифрландырудың маңызы зор. «Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түспек», — дейді фракция депутаттары. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар цифрлық дәуірдің сын-қатерлері жайлы пікір алмасты.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жастардың көзқарасы қандай? Ұсыныстары, позициясы қандай? Соны партия тарапынан, депутаттар тарапынан жастармен сөйлесіп, ақылдасып, солардың ой-пікірлерін тыңдап, Парламенттегі партиялық жұмысты жүзеге асыру үшін біздің партияның тарапынан қандай іс-шара қолдану керек? Кездесудің мақсаты сол бүгінгі.