Ал Қытай қоқыс таппай жатыр. Financial Times берген мәлімет бойынша, кейінгі он жылда ел билігі мыңнан астам қоқыс жағатын электр стансасын тұрғызған. Қазір әлемде қоқысты энергияға айналдыратын қуаттың 50%-дан астамы осы Қытайға тиесілі. Бірақ халық санының азаюы мен тұтыну деңгейінің төмендеуі себепті тұрмыстық қоқыс көлемі күрт азайған. Сөйтіп, зауыттар толық қуатында жұмыс істей алмай тұр. Қоқыс жағудағы әлемдік көшбасшы саналатын Қытай енді зауыттарын тоқтатпау үшін шетелден қалдық сатып алуы мүмкін.