Израиль билігі Қатарға жасалған шабуыл ешқандай халықаралық заңды бұзбайтынын мәлімдеді.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен бірлескен мәлімдеме кезінде осылай деді. Оның айтуына қарағанда, Дохада еврей халқына қауіп төндіретін лаңкестер бой тасалап жүрді. Еврей армиясы олардың көзін жою үшін соққы жасады. Қажет болса, бұл әрекетті қайталауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ премьер-министр Нетаньяху АҚШ-қа ескертпей Қатарды атқылағанын мәлімдеді. Ал, Марко Рубио: «Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға бейілдіміз», - деген емеурін танытты. Бұдан бөлек, Қатарды Шығанақ өңіріндегі АҚШ-тың басты одақтасы екенін атап өтті.