Каспий теңізінде жылына 1500 тоннадан бастап 5 мың тоннаға дейін балық өсіріледі.
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылықты дамытуға арналған жоба қолға алынды. Игі бастама елімізде ғана емес тұтас Орта Азияда алғаш рет жүзеге асып отыр. Ауқымды жұмыс Норвегиялық институттың зерттеулері негізінде сол елдің технологиясымен істеледі. Бүгін батыстан жеткізілген балық өсіруге арналған торлар теңізге түсірілді. Диаметрі 120 метр, тереңдігі 25 метр болатын үш құрылғы Құрық портының оңтүстігінен 20 шақырым жерде орнатылды. Енді жақын күндері шабақтар жіберіледі.
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі:
- Маңғыстау үшін ғана емес, Қазақстан үшін маңызды жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агрөнеркәсіп шаруашылығын әртараптандыру керек деген тапсырмасы аясында болды. Яғни біз қолдау алдық үкіметтен. Осыны бастап кеттік. Мемлекет тарапынан беріліп отырған қаржыға. Яғни бұл инвестор мен мемлекет ортасындағы бірігіп келген мәміленің нәтижесі деп айтсақ болады.