Елдегі өңірлердің даму деңгейі біркелкі емес. Бірі көш ілгері, өзгесінің дамуы өгіз аяң. Мүмкіндіктері де әрқалай. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу туралы сөз қозғады. Мақсат – даму деңгейіндегі теңсіздікті жою. «Бұл мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», – деп шегеледі Қасым-Жомарт Тоқаев.