Отандық өнерпаздар Алматы қаласындағы Көктөбе алаңында бас қосты. «Жаңа ритмге қосыл!» дауылпаздар фестиваліне қала тұрғындарынан бөлек 400 белсенді қатысты. Шара аясында «Qazaqstan» жейделері таныстырылды. Киімде ұлттық ою-өрнек пен заманауи сән үйлесім тапқан. Ұйымдастырушылар киім нұсқасы арқылы жастардың патриоттық сезімін арттыруға ниетті. «Жаңа ритмге қосыл» – бостандық, адалдық және өз ісіңе деген құрметті насихаттайды. Егер біз өзгерістерді көргіміз келсе, өзіміз сол өзгерістердің бастамашысына айналуымыз қажет», — дейді өнерлі жастар.

Жазира Оразқызы