Астанада ORTA FEST экофестивалі өтті. Ауқымды шара 10 тақырыптық аймаққа бөлінген, әр қайсысының мән-маңызы мен ерекшелігі бар. Эко-шеберлер мен дизайнерлер көше жәрмеңкесін ұйымдастырса, салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық жарыстар да өткізілді. Бұдан бөлек, еріктілер тұрғындардан қоқыс пен қалдықтарды қабылдау шарасын өткізді. Қоқыстың барлығы қайта өңдеуге жіберіледі. Осылайша, белсенділер «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, оны іске асыруға өз үлестерін қосты.
Дәрия Ғылымжанқызы, волонтёр:
Бүгінгі таңда бізде өте көп белсенді адамдар. Себебі біз жәрмеңкені 2020 жылдан бастап ұйымдастырып бара жатырмыз. Сол кезде біз шамамен 100 кг қалдықтар жинап едік. Бүгінгі таңда біз 3 -5 тонна жинаймыз.
Азамат Бейбітұлы