Бестерек ауылында 6 баланы қағып кеткен жүргізушісінің он жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Үржар аудандық соты 55 жастағы ер адамды көлікті басқару құқығынан айырды. Айыпталушының күрделі диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.
Еске сала кетсек, 19 тамызда Бестерек ауылы қайғыдан қан жұтқан. Автокөлік жоғары жылдымдықпен жеке үйдің ауласына соғылып, 6 баланы қағып кетті. Жол апатынан үш бала көз жұмса, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.
Шынар Оспанова, Үржар аудандық сотының төрағасы:
- Үржар аудандық сотымен бүгінгі күнде Аңсабаевқа қатысты заң шеңберінде қаралып, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды. Ол кісінің диагнозы бар. G 40.3 –эпилепсия синдромы. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады.