Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Израиль кешен құрылысының жоспарын бекітті

Израиль кешен құрылысының жоспарын бекітті

Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауында жаңа қала салмақ .

Құрылыс жобасы бойынша жалпы аумағы 12 шаршы шақырым жерге 3 500 үй тұрғызылады. Сөйтіп онда еврейлерді жаппай қоныстандыру көзделіп отыр. Израиль Қорғаныс министрі Исраиль Кацтың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – Израильдің шекарасын нығайтып, Палестина мемлекетінің қалыптасуына жол бермеу. Әйтсе де бұл шешімді Біріккен Ұлттар Ұйымы, Германия мен Түркия халықаралық құқықты бұзу деп танып, қатаң айыптады.