Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-шы ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің финалына шыға алмады. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы келді. Қос спортшы осыған дейін өзара тоғыз рет кездесіп, соның бесеуінде Швентек ұтқан еді. Бұл жолы да ол басым түсті.

Ал Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті. Бірақ ол әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччиден жеңіліп, турнирдің чемпионы бола алмады.

Азмат Бейбітұлы