Алматыда Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты. Жасөспірім анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған:

  • ҚР ӘҚбК-нің 442 бабы — Сыртқы жарық түсіру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу (маячоктарды заңсыз орнату);
  • ⁠ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 1 бөлігі — Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралын басқару;
  • ҚР ӘҚбК-нің 505 бабы — Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу (өзен арнасына көлікпен кіру);
  • ҚР ӘҚбК-нік 603 бабы 1 бөлігі — Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу;
  • ҚР ӘҚбК-нің 612 бабы 2 бөлігі — Кәмелетке толмаған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде анасы да оның тәрбиесіне тиісті деңгейде мән бермегені үшін жауапкершілікке тартылған. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget