Қытай американдық тауарларға баж салығын көтермейтін болды.

Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің кедендік-тариф жөніндегі комиссиясы мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, тарифті көтеру туралы шешім бүгіннен бастап 90 күнге шегеріледі. Хабарламада АҚШ тауарларына қосымша салық салу тәртібін өзгерту шаралары жалғасатындығы туралы айтылған. Алайда тариф 10 пайыз көлемінде сақталады. Дәл осындай шартпен АҚШ та Қытайға қатысты шешім шығарды. Тараптар ортақ келісімге Стокгольмде өткен екі жақты кездесу нәтижесінде қол жеткізді.