АҚШ қытайлық тауарларға жоғары баж салығын әзірге салмайтын болды. Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Бейжіңге қымбат тариф енгізуді тағы 90 күнге шегергенін жазды, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үйдің баспасөз қызметі өкілдері: «Бұл екіжақты келіссөзді жалғастыру үшін қажет шара», — деп отыр.

Еске салайық, 3 ай бұрын АҚШ пен Қытай өзара тарифтерді 90 күнге азайтуға келіскен еді. Вашингтон 145% салықты 30%-ке дейін түсіріп, ал Бейжің 125-тен 10%-ке дейін қысқартқан еді. Демек бұл тарифтер енді 10 қарашаға дейін өзгермейді.