23 сәуірден 9 тамызға дейін еGov.kz порталында жүргізілген «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.

100 кітап» жобасының негізгі мақсаты – қоғамды кітап оқуға үндеу, әдеби мұраны дәріптеу, кейінгі буынның кітапқа деген талғамын зерделеп, ұлттық әдеби канонды қалыптастыру.

Бұл жобаға оқырмандар eGov платформасы арқылы дауыс беріп, өз таңдауларын жасаған. Сарапшылардың да пікірі ескерілген. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде әдеби эстафета ұйымдастырылып, оны мемлекет қайраткерлері мен өнер адамдары бір-біріне жолдаған.

Ресми дерекке сүйенсек, сауалнамаға 100 мыңнан астам ел азаматтары қатысып, белсенділік танытқан.