Дженнифер Лопестің командасындағы америкалық әнші Қазақстанға тағы да тәнті болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дженнифер Лопестің командасында өнер көрсететін америкалық әнші Алматыға гастрольдік тур аясында келіп, әлеуметтік желіде қызық оқиғасын бөлісті.

Ол сторисінде "Қазақстан" шоколадтарын қайдан іздеуге болатынын сұраған.

"Тағы қайдан тапсам болады? Мен дәмін татып көрген ең дәмді шоколад", — деді ол.

Пост лезде желіде тарап, қолданушылар репост жасап, пікір білдірген.

Көп ұзамай, әнші тоқтаған қонақүй қызметкерлері оның нөміріне "Қазақстан" шоколадтарын әкеліп берген.

"Қазақстан, сіздердің қонақжайлығыңыз таңғалдырады", – деп алғысын білдірді Шэрон, бұл тәттіні міндетті түрде достары мен жақындарына сыйлайтынын айтты.

Бір күн бұрын ол ел туралы әсерін бөлісіп, Қазақстанға екінші рет келгенін және әр келген сайын оны жаңа қырынан ашатынын жеткізген еді.

"Қазақстан – әдемі ел. Бүгін біз Алматыдамыз, мына көрініске бір қараңыздаршы! Мұнда келгеніме қатты қуаныштымын. Міндетті түрде демалыста қайта келіп, отбасымды алып келемін", – деді Шэрон.

Ол Алматыны "керемет әсем қала" деп атап, қолданушыларына көрсетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget