Алакөлде 17 жастағы жасөспірім жағадан 500 метр қашықта қайықтан секіріп, суға батып кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Абай облысында, көлдің шығыс жағалауында болды.
Полиция қайғылы оқиға марқұм қайықтан құтқару кеудешесінсіз секірген кезде болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, осы оқиға бойынша қайықтың 32 жастағы иесіне қатысты соталды тергеу басталған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиға шомылуға арналмаған аумақта болған. Жағадан шамамен 500 метр қашықта 17 жастағы жасөспірім құтқару кеудешесінсіз қайықтан суға секіріп, батып кетті", — деп нақтылады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.
Полицияның деректері бойынша қазір қажет сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алакөлде 14 адам құтқарылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!