Үлескерлерден заңсыз қаржы тартқан компаниялар жазаланады. Айта кетейік, енді құрылыс компаниялары үлескерлерден алдын ала қаражат тарта алмайды. Тиісті заңға шілде айының басында Президент қол қойды. Заңға сәйкес үлескерлер салынып жатқан үйден пәтерді қолма-қол ақшаға сатып ала алмайды. Бұл көпқабатты үй немесе жеке тұрғын үй кешеніне баспана алғысы келетін адамдар мен құрылыс компанияларына тікелей қатысты. Ең бастысы бұдан былай тұрғын үйді құрылыс кезінде тек арнайы келісімшартпен, заңды жолмен ғана сатып алуға болады. Заңның негізгі ережелері 2 айдан кейін, яғни қыркүйекте күшіне енеді. Ал кейбір шарттар 2026 жылдың қаңтарынан бастап қолданыла бастайды.