фото: akorda.kz
Жыл басынан бері елдегі жүк айналымы 8,6%-ке ұлғайды, деп хабарлайды 24kz.
Ал транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты. Бүгінде саланы цифрландыру мәселесіне айырықша ден қойылып отыр. Теміржол көлігінің сапасын жақсарту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынған. Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, үш мың шақырым жол жаңғыртылып жатыр. Жуырда Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.
«Ал терминалдарды кеңейту жұмыстары сәтті жүзеге асып жатыр», - деді Талғат Алдыбергенов. Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.