Қарағанды облысындағы демалыс базасында демалып жүрген ер адам қамыс арасында адасып қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде ер адам Топар кентіндегі "Лагуна" демалыс аймағы маңында Шерубай — Нұра су қоймасындағы қамыс арасында адасып кетіп, 112 қызметінен көмек сұрап жүгінген.

"Жедел жеткен құтқарушылар 1971 жылы туған ер адамды тауып, демалыс аймағына дейін жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмады", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget