Василий Лавренов Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.
Соған сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.
Кейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, 2025 жылы 25 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі агенттікке орынбасарлар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!