Гонконг қаласында Вифа дауылы соғып , қатты жел тұрды.
Оның екпіні сағатына 60 шақырымға жетті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Бірақ аймақта 500-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді. Қалааралық теміржол қатынасы тоқтады. Қоғамдық орындар мен балабақшалар уақытша жабылды. 200-ден астам тұрғын паналау орындарына көшірілді. Ресми күн райын бақылайтын Гонконг обсерваториясы қауіптің ең жоғары деңгейі бойынша ескерту жариялады. Олардың айтуынша, қауіп күшейсе, алапат дауылдың жылдамдығы сағаты 118 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Соңғы рет Гонконгта тайфунның ең қауіпті деңгейі 2 жыл бұрын тіркелген еді.