Алматы облысындағы Ақши ауылында әлеуметтік тұрғын үйлер салына бастады, деп хабарлайды 24KZ. Онда жеке инвестицияға 81 үй бой көтереді. Жаңа баспана әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға, жалғызілікті аналарға беріледі.
Қазір инженерлік желі тарту жұмыстары қатар жүріп жатыр. Болашақта асфальт жол төселіп, көшелер жарықтандырылады. Жалпы Іле ауданы бойынша бес мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл ауданда 200 отбасы қоныстойын тойлады.
Қайыржан Жақсымбетов, Іле ауданының әкімі:
- Үйлердің сапасы өте үлкен дәрежеде болады. Неге десеңіздер, мемлекеттен ақша бөлінгендіктен, біз бірініші кезекте сапасына қараймыз. Осал топқа салынғаннан кейін олар толық дайын күйінде өткізеді. Тұрған кіржуғыш машинасына, пешіне дейін түгел. Өзінің территориясы, өзінің алаңы болады, өзінің көлік қоятын тұрағы болады. Бүкіл жағдай қарастырылған.