Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа карта жүйесі іске қосылды

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа карта жүйесі іске қосылды

Елге келген әр туристің қауіпсіздігі маңызды. Сол себепті шетелдік меймандарға арнайы QR-коды бар туристік карта беріледі, деп хабарлайды 24kz.

«Бұл бастама шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, еліміздің туристік инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді», — дейді мамандар. Арнайы карталар Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекаралық бақылау бекетінде таратылып жатыр. Қонақтардың жайлылығы үшін Safe-travel.kz мобильді платформасы да іске қосылды.