Алматыда ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сансызбай Құттыбаевқа арналған «Шарқ ұрған шағала атты» музей бұрышы ашылды. Сансызбай Құттыбаев 1947 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекенінде туған. Алғашқы еңбек жолын инженер-механик, инженер-экономист болып бастап, кейін бірнеше лауазымды қызмет атқарды. Негізгі кәсібімен қатар киелі қаламды серік еткен Сансызбай Құттыбаев шығармаларының шұрайлы тілімен, өзіндік жазу шеберлігімен ерекшеленді. Елі үшін еңбек еткен қайраткердің өнегелі ғұмырын насихаттау мақсатында музей бұрышы ашылды дейді жақындары. Оған Сансызбай Құттыбаев тұтынған заттары мен кітаптары, марапаттары, бірқатар қолжазбасы қойылды.

Қарлығаш Бидахметова, Сансызбай Құттыбаевтың жары:

Бұл жер елімізден келіп, көрем деген адамдардың бәріне үлгі-өнеге деп ойлаймын. Ертең немерелеріміз өскенде, біздің атамыз сондай болып еді деп мақтанышпен айтып жүретіндей жағдай деп ойлаймын. Сондықтан да мен Сәкеңнің еңбегін өмірімнің аяғына дейін еңбегін бағалаймын.

Жазира Оразқызы