АҚШ президенті 8 елге салықты көбейтті. Бұл тізімде Молдова, Филиппин, Бруней, Алжир, Ливия, Ирак, Шри-Ланка мен Бразилия бар. Тарифтер 1 тамызда күшіне енеді. Көлемі әрқилы: 20% бен 30% аралығында. Тек Бразилия үшін 50% болмақ. Трамп бұл шешімін «Бразилия билігі бұрынғы президент Жаир Болсонаруды саяси мақсатта қудалап жатқанымен байланысты», – деп түсіндірді.

Ақ үй басшысы тауарларға салық көлемін көтеретінін сәуір айының басында ескерткен. Кейін сауда келіссөзіне мүмкіндік беремін деп оны 3 айға шегерген еді. Бірақ одан бері Қытай, Ұлыбритания және Вьетнаммен ғана мәмілеге келе алған.