Техас штатының орталық аудандарында су тасқынынан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Тағы бірталай тұрғын жоғалып кеткен. Олардың нақты саны белгісіз. Ізім-қайым кеткендерді тірі табу үміті үзіліп барады. Себебі су апатының басталғанына төрт күн болды. Құрбандардың 27-і жазғы лагерге демалуға барған қыз балалар. Қазір топан су тартыла бастады. Дегенмен, болжамдарға қарағанда алдағы күндері жауын тағы құйып, іздеу-құтқару жұмыстары қайта қарқын алуы мүмкін .

Арыстан Рысбек