Заңсыз активтерді елге қайтару нәтижесінде түскен қаражатқа Ақмола облысында сумен жабдықтау желілері салынады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жобаларға 21,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде өңірлерде қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау, спорт, сондай-ақ инженерлік желілер, су нысандарын жаңарту сияқты жобалар жүзеге асып жатыр. Сумен жабдықтау саласында 28 жоба қолға алынды. Зеренді ауданында қолданыстағы су құбырларын жаңғырту мен жаңа су желілерін салуға 6,5 млрд теңге қарастырылған. Осындай жұмыстар Ақадыр, Жылымды, Қанай би, Көктерек және тағы басқа ауылдарда жалғасып жатыр. Қазір Ақмола облысында қалалық елді мекендерді сумен жабдықтау 99%-ке, ал ауылдық елді мекендерде 96,6%-ке жетті.