Астанада өткен Әлем кубогының финалында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда Нұрбек Франциядан келген Йожерлен Сезармен кездесті. Төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай — былтырғы Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget