Түркияда 3 бірдей қаланың: Адана, Анталья және Адыяманның мэрі қамауға алынды, деп хабарлайды 24kz.

Үшеуі де оппозициялық халық партиясының мүшелері. Олар жергілікті басқару органдарында, алаяқтық бойынша іске қатысы бар деген күдікке ілініп отыр.

Еске салайық, наурыз айында Ыстамбұл мэрі, оппозициялық халық партиясының жетекшілерінің бірі – Экрем Имамоғлу тұтқындалған еді. Оған «пара алды» және «лаңкестік ұйымдармен байланысы бар» деген айып тағылды.