АҚШ өз мүддесін бірінші орынға қойып, Украинаға жіберілетін әскери көмекті қысқартатын болды, деп хабарлайды 24kz.

Себебі Вашингтонның қару-жарақ қоры стандартты межеден тым төмен түсіп кеткен. Бұл туралы Пентагондағы тексерістен кейін Ақ үй өкілі Анна Келли мәлімдеді. Осыған дейін Байден әкімшілігі кезінде уәде етілген көмек Шығыс Еуропадағы соғыста Киевке зор қолдау болып келді. Алайда билікке Трамп келгелі жағдай өзгере бастады. Әзірге АҚШ-тың қорғаныс министрлігі нақты қай қарудың түрлеріне шектеу қойылатынын ашып айтпады. Десе де, Трамп Гаагадағы НАТО саммитінде Украина «Пэтриот» атты әуе қорғанысы зымырандарын сұратқанын, бірақ оларды жеткізу қиын екенін және қазір Израильге ғана ұсынып жатқанын тілге тиек еткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бері Вашингтон Киевке 66 млрд долларлық әскери көмек көрсетіп келді.