Қарағанды облысының тұрғыны қалаға барған соң жұмбақ жағдайда қаза тауып, банк картасындағы ақшасы қолды болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы марқұмның әпкесі Айгүл Наукенова айтты. Айтуынша, 2024 жылғы 4 қыркүйекте інісі Нүргелді Наукенов Қарағанды қаласына жолға шығып, үйіне қайтып оралмаған. Сол күні вокзал маңындағы асханалардың бірінде ол таныс жігітпен жолығады.
Біраздан соң сол танысының ағасы — Максат Ахметжанов және тағы бірнеше ер адам сол жерге келген. Бейтаныс адамдар Наукеновке сыртқа шығып сөйлесуді ұсынады. Куәгерлердің айтуынша, олар далаға шыққан соң ер адамды итеріп жібереді.
Асфальтқа құлаған Наукенов есінен танып қалған. Дәл осы сәтте оның банк картасынан белгісіз біреулер ірі көлемдегі қаражатты шешіп алған.
“Інім бірнеше күн жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Өкінішке қарай, өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Ал оның өліміне кінәлілер жазадан жалтарып жүр. Ақша қайда кеткені де беймәлім. Біз әлі күнге дейін әділдік іздеп, сотқа қатысып келеміз” — дейді Айгүл Наукенова.
Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша бірнеше сот отырысы өткен. Алайда марқұмның туыстары тергеу барысына көңілі толмайтынын айтады. Олардың сөзінше, кінәлілердің толық жауапқа тартылмауы — адам өлімі мен ұрлықтың жазасыз қалуына жол ашуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)