Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогі кезеңі басталды.

Әзірге жарыс жолына шыққан Назым Қызайбай мен Әнел Сақыш жеңіске жетсе, Абылайхан Жүсіпов қарсыласына есе жіберді. Бүгін тағы кімдер жұдырықтасады?

Астанада World Boxing ұйымы аясында көптен күткен әлем кубогы кезеңі басталды. Әзіге жарыс жолына шыққан қыздардан Назым Қызайбай мен Әнел Сақыш қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Назым 48 келіде Канадалық спортшыдан айласын асырса, 54 келіде Әнел Сақыш неміс боксшысын 3 рет нокдаунға жіберіп, 1/8 финалға жолдама алды. Ал ерлерден 70 келіде Абылайхан Жүсіп өкінішке қарай қырғызстандық Алмас Оразбековке есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Жанкүйер:

- Назым Қызайбай өте өнерлі, мықты боксшы қызымыз. Олимпиада жүлдегері. Назымға сенеміз. Назым осы World Boxing ұйымының жарысынан алтын алады деп сенеміз. Және өзге қыздарға жанкүйер боламыз.

Мерей Қанапия, тілші:

- Жанкүйерлердің қолдауын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар бір отбасыдай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, боксшыларымызға қолдау білдіріп жатыр.

Жанкүйер:

- Тамаша спорт мерекесі болып жатыр. Әр уақытта елімізде осындай мереке болсын. Әлі 4 күн болады. Жанкүйерлердің барлығын шақырамын. Келсін, жанкүйер болсын.

Жанкүйер:

- Жанкүйер боламыз. Мұндай мүмкіндік күнде болмайды. Әрақашан шет елдерде өткенде Бразилия, Нидерландыда, Азия елдерінде көптеген жарыстар болды. Тв-дан көргенше, осылай көзбен көрген ерекше болады.

Одан бөлек кешкі сессияда 2 отандасымыз сынға түседі. Олар 60 келідегі Виктория Графеева мен Наталья Богданова. Екеуі де 1/8 финалдан бастап өнер көрсетеді. Сондай-ақ, спорт сарапшылары осы Әлем кубогында қазақстандық боксшылардың жалпы есепте алға шығатынына сенімді.

Аслан Қаженов, спорт журналисі:

- Кемі 5 алтын аламыз де ойлаймын. Өйткені бұған дейін 2 әлем кубогы өтті Бразилия мен Польшада. Сонда ең жоғары көрсеткіш 5 алтын болған басқа елдер алған медаль саны. Және салыстырмалы түрде бізде тек 3 алтын бар. Алтын саны жағынан қуып жетуіміз керек. Күміс, қола әрине жақсы бірақ бізге ол қызым емес. Бізге тек алтын керек.

Жарыс бүгіннен бастап, 6 маусымға дейін жалғасады. Келушілер үшін кіру тегін.

Мерей Қанапия, Бағдат Қайыркен