89 заң қаралды. Оның 75-і мақұлданып, 14-і Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Сенаттың үшінші сессиясын қорытындылаған Палата спикері Мәулен Әшімбаев Сенаттың өңірлермен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысының нәтижелеріне де тоқталды. Биыл Мәслихаттармен бірлесіп жұмыс істеу жаңа деңгейге көтерілді. 50-ге жуық бірлескен шара ұйымдастырылып, алғаш рет кеңейтілген отырыс өтті. Қорытынды отырыста да түрлі түзетулер мен өзгертулер енген 7 бірдей заң жобасы қаралды. Солардың ішінен халықты толғандырған МӘМС-ке қатысты құжат та бар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Сессия барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген жаңа Бюджет және Салық кодекстері қабылданды. Сондай-ақ қабылданған жаңа Су кодексі су ресурстарын тиімді пайдалануға заңнамалық негіз қалыптастырды. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң да мақұлданды.
Нұрсұлтан Тілектес