Түркістанда тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін жылжымалы қоғамдық қабылдау өтіп жатыр .
Прокуратура, әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардың өтініші мен шағымын тыңдап, заң аясында нақты жауап берді. Кеңес алуға келгендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көпшілігі жер, тұрғын үй құжатын рәсімдеу, жұмысқа орналасу, білім, денсаулық, алимент төлеу бойынша мамандар кеңесіне жүгінді. Жылжымалы қоғамдық қабылдау апта соңына дейін барлық ауданды қамтиды.
Нұралы Қараев, Жаскешу ауылының тұрғыны:
- Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылы әкімшілігіне арызбен келдім. Жер мәселесі бойынша. Антикорға келдім, қабылдады. Рақмет, ризамын. Тағы да дүйсенбі келеміз, шешеміз, қараймыз деп айтты.
Олжас Мұсаев, қала прокурорының орынбасары:
- Бұл шараның басты мақсаты — тұрғындардың құқықтық мәселелерін тыңдап, жедел шешіп беру мәселесін қарау. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халық пен құқық қорғау органдарының арасындағы байланысты нығайту болып табылады. Аталған іс-шара басқа қала, аудандарда жалғасын табуда.